Жыр және махаббат
Бұл бетте «Жыр және махаббат» атты Бақыт Жасқалиева жазған махаббат туралы өлең берілген.
Жыр арнау да махаббатқа қиын-ақ,
Ақ сезімді көңіліңе жиып ап.
Ол туралы талай тарлан шерткен сыр,
Жүрегінен жыр құдіретін қиып ап.
Ол туралы айтқан Пушкин, Есенин,
Абай, Қасым, Төлегендер кешегі күн.
Айтарымның бәрін солар айтқандай,
Мың байлап бел, күніне мың шешемін.
Еркін басып жүру үшін қара жер,
Жан алқымға тығылғанда – ауа дер.
Күн тұтылса күңірегендей жер әлем,
Осылардан құтылатын дауа бер.
Махаббатқа толы дүние ақ сезім,
Аппақ бұлттар ақ жаңбыр боп жауа бер.
Тіршіліктің нәріндей бір – таба нан,
Суға да бір – қасиеттерімдей қарағам.
Ақыл-ойдың асқары дәл – жұмыс қып,
Оған теңеу сірә қандай таба алам?
Дәл солардай махаббатта
жігер, қайрат, мол сенім,
Аппақ тілек, ытқып аққан шамадан.
Ата-ананың болған бала – мұрасы,
Қате айтсам, ғасырлардан сұрашы.
Адам-Ата жаралғалы Жер мен Көк,
Махаббат та пайда болған расы.
Бізден өтіп қонар мәңгі ұрпаққа,
Аңсап өтер махаббатты
Адамзаттың бір парасы.
Махаббат деп
ән айтылып, күй шертіліп көркем үн,
Махаббат деп
жыр жаздырар маған әлі ертеңім.
Қақ айырып қиындықты қасарысып қалмаған,
Мен тек сол кез білесің бе, ұқсамайтын ешкімге,
Өз жүрегімнің күйін ғана,
Өз жүрегімнің күйін ғана шертемін.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі