Соғысқа лағнет
Бұл бетте «Соғысқа лағнет» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бар салмағын салып ағаш балдаққа,
Өз ісіне өзге кісі жалдап та.
Жүр ғой талай әке-ағамыз күн кешіп,
Құлармын деп көше шықпай тайғақта.
Бес саусаққа ілгек салып зар болып,
Мұң шағуға досына да ар көріп.
Жүр ғой талай әке-ағамыз арада
Соғыс салған жарақатқа наладан
От жүрегі мәңгі мұздап қар болып.
Жарық болмай
Атты мәңгі арманы,
Емін іздеп шыны қайда бармады?
Мына ағаң айтып қарғыс фашистке,
Бар ызасын гранат қып атардай,
Ақ таяғын күніне мың қармады.
Жаспен жуып қара шашын ақ еткен,
Ақ сағыныш жұмыр тәнін сап еткен.
Жиырмасында қалған жесір келіншек,
Жар орнына құшып жатып құс жастық,
Тағдырына сұм соғыспен дәл келген,
Бар болмысы, жан-тәнімен нала еткен.
Ана қанша ақ тілектен жаралған,
Бір өзінде тоғысқандай бар арман.
«Ақ қарғамнан бір хабарды білер» деп,
Бейтанысқа сұраумен сан қараған.
Мың-мыңдай бар өткен соғыс зардабы,
Қасіреті айқын қызыл қандай қардағы.
Бала әкеден, әйел жардан хабарсыз,
Көз жасынан өлген қайтып келердей,
Талай ана күніне жүз зарлады.
Сұм соғысқа қарғыс айтар шамам бар,
Жер түбіне құлақ түрер жайымда бар алаңдар.
Анамын мен ақ сүтімді нәр етем,
Балдай тәтті бауырымда балам бар.
Қажет десең, айналайын адамдар,
Арман тауым, ауыл-қала, далам бар.
Жүрегімді суырып ап жағып қой,
Бұлай етпесем болар деймін маған да ар.
Тек менімен кететінін білсең сен,
Сезбей қайғы, көрмей азап өсетіндей болса егер.
Мына біздің,
Мына біздің кейінгі ұрпақ балалар.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі