Достар-ай

Бұл бетте «Достар-ай» атты Бақыт Жасқалиева жазған достық туралы өлең берілген.

Бірге жүріп бірге күлген достар-ай,
Істеріңді көбіңнің жүрмін мен де қостамай.
Бас пайдаңды бағдаршам ғып жүресің,
Бұның енді түсінгенге масқара-ай.
Арман етіп бас пайдаңның мақсатын,
Мәз боласың деп талайды ақсаттым.
Қара бастың ләззаты үшін күн кешіп,
Күйкі тірлік, күйбің оймен шаршаттың.
Заман атты ана біреу біздерге,
Неге осы үңіліп кеп қарамаймыз,
Қаны тамған Әке салған іздерге.
Неге біздің әрқайсысымыз
жанартау боп атылып,
Келер ұрпақ табынып бір өтердей,
Іс қылмаймыз дейтіндей бір
ұқсап өтсек сіздерге.
Заман атты әке біреу баршаға,
Неге біздер өзімізді
қайрап-жанып, демейміз,
Қайда жүрсең қай істе де шаршама.
Неге біздер көрген жанның бәрін бірдей
Құшып-сүйіп дос қылып,
Іздеп және уақыт арнап жүрмейміз,
Ешкім сірә қалған жоқ па тасада.
Ашық аспан күміс күнді тек біздерге мұралап,
Әке-ағамыз бар ниетімен өртке түскен бір алап.
Жер шетінде жылап жатыр, сәби Чили ұлдары,
Жұбатуға өкпең өшіп
жүгірместей қалай тұрсың сен шыдап,
Тұрып-жүріп, ұйықтаған сол қалпыңмен
Ұялғаннан сен үшін мен
Тұр ғой терім тамшылап,
Тұр ғой терім тамшылап!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері