Аппақ үміт – ақ сезім

Бұл бетте «Аппақ үміт – ақ сезім» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақ үміт қой
Адамды алаңдатқан,
Нөсер жауын болса да, боранды ақпан.
Батпақ кешіп жүрсең де ну орманда,
Үміт үзбе, керісінше содан сақтан.
Ақ сенім
Арманымды жетелеген,
Сенімнің кезі жоқ қой өтемеген.
Мұқағали қалайша тауып айтқан:
«Көшеді өлең немесе өшеді өлең!»
Ақ тілек қой
адамға қанат берген,
Жақсы істерді күт, елім, талапты ерден.
Бар асылды жарқ етіп көрсететін
Ақ алмасың мен болсам қынап керген.
Ақ сезім ғой
өңіңе алау берген,
Желбірейтін көгімде жалау желмен.
Аппақ үміт, ақ сезім, сенім-тілек
Жатады екен айқайлап хабар беріп,
Айлы аспанға – гүл толы алау жерден.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері