Жырым менің
Бұл бетте «Жырым менің» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғұмыр тілеп жырыма көз ілмеймін,
Қатты, тәтті, жып-жылы сөз іздеймін.
Әр жыр жолы сәтті күй аккордындай,
Әр өлеңім – тап менің өзім деймін.
Бере гөр деп жырыма Жамбыл жасын,
Ақыл айт деп Абайға – жалынасың.
Талантыңды төккіз деп нөсер қылып,
От Қасымдай әруаққа табынасың.
Өңшең оттың жырынан жалын алған,
Сәкен атын айтсаң сен жалындаған.
Ілияс, Сәттар жырларын жаттап жатып,
Бала кезде көпшігім қалыңдаған.
Төлегеннің алсам ғой сағынышын,
Қос Мұхтардың ақтарғам жарып ішін.
Өрлігіңе Фариза басымды иіп,
Тәлімдікке аламын Қадыр ісін.
Жиырма бесін Тұманбай – салық қылып.
Қойғандай бір іс қылсам – анық біліп,
Сәскесінен қайраттың асып барып,
Тас төбеде тұрсам-ау жарық қылып.
Деп арманнан күн сайын – тағат алып,
Сыр– арғымақ, жабу – жыр жаба салып.
Жыр қуатын сезіммен ұстатпасам,
Жұрт алдында ал мұным ағат анық.
Асылық айтсам, тәуба деп шүкір деймін,
Жырым – батыр, батырды мүсіндеймін.
Ақында бір қас ақын қылыш сөзді,
Қас ақыннан кім табар бүтіндей мін?!
Жыры олардың зәм-зәм су шөлдегенге,
Мен олардың қасында, көзге ілікпес,
Көзге ілікпес тап қазір – үтірдеймін.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі