Ана болу
Бұл бетте «Ана болу» атты Бақыт Жасқалиева жазған ана туралы өлең берілген.
Еркін ойнап, бой өсірсін деймін де,
Өр тағдырым көне қоймас күйбіңге.
Өмір атты ұзақ жолда қажет деп,
Көңіл бөлем уақ ісіне үйдің де.
Еркін сөйлеп, ой өсірсін деймін де,
Талай бос сөз тиегіне тидім де.
Аппақ көңіл, пәк сезімді аңғарттым,
Сөз бен істі тек түсінбей қалар деп,
Сендер үшін оттан көйлек кидім де.
Жолдас көріп, дос танысын деймін де,
Жақсы екен деп «жат» тентекті сүйдім де.
Бір баланы тентек қой деп даттасаң,
Өз-өзімнен отырып та селк еткем,
Түспегей деп ықпал атты ирімге.
Таласып қап көрместей боп бір-бірін,
Жамай алмай көңілдердің жыртығын.
Қазағым деп отқа түсер адамдай
Отырған кез мен елшідей зар қағып,
Тіршіліктен таба алмай бір тыным.
Соғып қашып бір-біріңді қанша рет,
Бір-біріңе қарсы айдап салшы деп.
Таза күлкі – бәрі қызық сендерге,
Ержеткенде оқ атпасаң болғаны,
Бір-біріңнің көңіліңе «аңшы» боп.
Бірің ертек, бірің өлең салшы деп,
Кешке бар деп бірің бармай қалшы деп.
Тек сендердің ықпалыңмен өзгердім,
Бұлақ болып сан теңізге құятын
Мен ісіммен құраймын тек – тамшы боп.
Түсінбей қап бала көңіл мән-жайын,
Іштегімді бөлісейін, толғайын.
Өмір атты ағасынан алсыншы деп бір сабақ,
Тартпас іске кейде өзімде жұмсаппын,
Дегенің ше – мама енді бармаймын.
Таба алмай қап көңілімнің күйлерін,
Сен ұқпасты ой санаңа – жи дедім.
Нан мен сүттей көңілділік қажет-ақ,
Кей сәттерде түсінбей қап өзім де,
Ойын деген есерлікті тый дедім.
Ұл-қызым деп жалын атып ет – жүрек,
Болашаққа мен ұшырам мың – тілек.
Бала табу қиын емес-ау, құрбылар,
Тәңірім деп тұрса егер ұл-қызың,
Ана болу қиын одан,
Ана болу қиын одан – мың рет.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі