Ашса өлеңім жүрегіңнің есігін

Бұл бетте «Ашса өлеңім жүрегіңнің есігін» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қажет емес, білмей-ақ қой атымды,
Кім екенім, қай өлкеден, сұрамағын затымды.
Әңгімеге мына мені арқау ғып,
Дастарханға жайып салма асыңды.
Іздестірме қайда менің тұрағым,
Жақпай-ақ қой танысудың шырағын.
Достарымнан сұрамағын, білмейді,
Одан да сен жырларымнан сұрағын.
Самалдай бір жанға жайлы есіп үн,
Ашса болды өлеңдерім жүрегіңнің есігін.
Кім екен деп іздестірме, таңданба,
Білмей-ақ қой, аталмасын есімім.
Өмір-тағдыр тартса үстімнен қамшылап,
Ауырлықтан тұрса да тер тамшылап.
Ар адалдық мен сендердің – қызыңмын,
Қорғар өзін талай пәле-жаладан,
Алса да естен басқа түсіп сан-сынақ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері