Жастығым
Бұл бетте «Жастығым» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тек жастықпен бар дүние жасарған,
Жастық шағын бағаламас осал жан.
Тек жастыққа басын иіп шегінген,
Меңіреу тылсым, құла жүзің қасарған.
Жастық қана сан асудан аса алған,
Жастық қана өміріңе қосар мән.
Тек жастықтың жалынынан от алып,
Келелі істер құрыштай боп жасалған.
Мен өзіңе қарыздармын, жастығым!
Жастық келсе тағдыр басар аптығын.
Найзағайдай қара түнді қақ жарған
Сенен ғана естіп қоңыр шаттық үн.
Мен өзіңе қарыздармын, жастығым!
Сен игердің өңірімнің астығын.
Құба жонға сен жайғастың ақ бидай,
Көңіліңнің жалау қылып ақ гүлін.
Мен өзіңе қарыздармын, жастығым!
Жастық, өзің көңілімнің қақ қылын.
Тыңға түрен салған ердің бірі боп,
Дәлелдедің жүрегімнің ақтығын.
Мен өзіңе қарыздармын, жастығым!
Махабаттың таптым сенен пәк шынын.
Өміріме өзек етіп армандай,
Сүйіктімнің алып келем тәтті үнін.
Мен өзіңе қарыздармын, жастығым!
Үйіп-төгіп бер тағдырдың шат, шынын.
Байқоңырдан қас-қағымда тік ұшып,
Жерді айналған Айдан әрі асты үнім.
Қарақұмның кештің өзің шөлдерін,
Сен болмасаң жастық оты сөнгенім.
Мартен пеште қайнап піскен алмастай,
Жастығымның өткірлігін көр менің!
Мұнайы боп Маңғыстаудың атылдың,
Кен қопарып алтын, күміс сапырдың.
Жастық, сенен қорқып қашып бар азап,
Өрлігіңді таң ғып жайлы атырдың.
Тек өзің деп алға қарай өрледім,
Өрледім де сыбағамды бер дедім!
Ұлы істерде жанған жарық от болып,
Жастық атты атыңа сай ерледің.
Бүгінгімнен болса да кем кешегім,
Жөн-жосықты содан алып өсемін.
Жүрегіме отын жаққан мәңгілік
Мен өзімнің жастығыма,
Мен өзімнің жастығыма қарыздар боп өтемін!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі