Қорқамын
Бұл бетте «Қорқамын» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналайын адамдар,
Мені мақтай көрмеңдер, өтінемін,
Ақылыңнан күш алып,
Ал сүйесең әл жинап, жетілемін.
Мен сендерсіз, көзіңе елестетші,
Құла дүздегі бала елік – жетімегің.
Айналайын адамдар,
Мені жөнсіз жүрмеңдер еркелетіп,
Мен сендерден нәр алам,
Гүл жарсам тек сәуірге ерте жетіп.
Мен сендерсіз кең сарай – бос үйдемін,
Құлап қалған иесі ерте кетіп.
Айналайын адамдар,
Дос болсаң сен қатемді бетіме айтқын,
Әсері оның лап етіп көрінсін де.
Бойымды өртеп, азабы жүзімде айқын,
Салық қылып қойсайшы сеніміңді,
Өзіме олқы көрінсін осы қалпым.
***
Айналайын адамдар,
Өмір гүлі бар қызығы ортаның,
Мен тәлімсіп асқақтамын
Көңіліме ұялатып жорта мұң.
Әлсіз едім жан достарым
Сөз айтпаңдар өтінем,
Мен сендердің
Қатыгездіктеріңнен морт сынып,
Жыр жаза алмай қалам ба деп,
Жыр жаза алмай қалам ба деп қорқамын!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі