Сағыныш және махаббат

Бұл бетте «Сағыныш және махаббат» атты Бақыт Жасқалиева жазған махаббат туралы өлең берілген.

Ей, адамдар айтыңдаршы анығын,
Тұла бойың тұрған сол бір қалыбың.
Жан-бойыңды тұр ғой жайлап сағыныш,
Жүрегіңнің сөндірместен жалынын.
Жас сағынып жырақта ата-анасын,
Кәрі езіліп ойлар жалғыз баласын.
Бозбаланың жүзін жапқан мұңды сен
Сүйгеніне – сағыныш деп қаласың.
Ана алаңдап қақса бір жас есігін,
Сұрап жатар, бейтаныстың есімін.
Шекарада жүрген қасқа құлынын,
Бәлкім білер таныстықтың несі мін?
Бурыл шашты міне әке алаңдай,
Қараяды көрінген қос балаңдай.
Сұм соғыста жоғалған қос қыранын
Іздейді ол көзден жасы тарамдай.
Өзгеге үлгі болған мына ағаның,
Байқап көрші басқан әрбір қадамын.
Қапылыста көз жазған – сол бейнені,
Іздер еді, келмегені-ай шаманың.
Қайда барма,
әлі қайда барасың,
Ең әуелі сағынышқа
бас иіп сен аласың.
Ақ сағыныш жатады екен мың орап,
Жүрек пенен жүректердің арасын.
Айтқаныма құлақ салшы, әлеумет,
Махаббаттың құдірет күші әлдилеп,
Сағыныштан туған ба деп,
Сағыныштан туған ба деп қаламын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері