Жүрек соғып
Бұл бетте «Жүрек соғып» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арман қылып таудың асқар бастарын,
Жүрек соғып алас ұрып жас жаның.
Бейжай тірлік тілеп көрме өтінем,
Қанағат қып қол қусырып отырма,
Алдыңа әкеп жайса да өмір аспанын.
Жастығыңнан қайратыңды лаулатып,
Мейіріміңмен ізгілікті төгілдіріп саулатып.
Ақ сезімді ақ армандай күйттеп өт,
Сәл кір басса, жаңа жауған ақ қарға
Алғайсың сен аппақ қарға аунатып!
Серік қылып ар-намысты қайдалап,
Жағынбақ боп сөз сөйлеме – майдалап.
Дегеніңе жеткізеді нансаң сен,
Аппақ үміт, аппақ тілек Айдан ақ.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі