Кеудем менің

Бұл бетте «Кеудем менің» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кеудем менің
нансаң күйге толып тұр,
Жайдары жаз, жазық дала болып қыр.
Мен өзіңе қарыздар боп өтейін,
Тап осы сәт ерен іске жолықтыр.
Кеудем менің
нансаң күйге толып тұр,
Ойлы әуен, бар болмысқа қонып сыр.
Мен өзіңе ұмтылайын жетуге,
Жақсы ісіңмен еліктір де, соны ұқтыр.
Кеудем менің
нансаң күйге толып тұр,
Қатты-тәтті, сырлы-сазды болып жыр.
Жан-күйімді бей-жай етпес тап осы кез,
Әйтеуір сен бір іс тап
Шабытыма алайын мен от-жалын
Жүрмеу үшін
Күн өткізер жанбесіл жан болып құр.
Күн өткізер жанбесіл жан болып құр!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері