Ән салшы, құрбым Рая
Бұл бетте «Ән салшы, құрбым Рая» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір бізді
Доп қылғысы келетіндей
Танытады сыңай, ә?
Бір азаптан бір азапты
Басып жатыр мұңая.
Қарсы жүріп арпалысып көрейік,
Өлең болсын ұзақ жолда жан серік,
Сырлы, сазды әуеніңді сағындым,
Ән салшы, құрбым Рая.
Отырған кез
Өз-өзіммен мұңайып,
Көңіл бұлтын көрмей сол сәт
Өз басыма лайық.
Алдыма алып ақ еркемді
Ана әлдиін бастаймын.
Нансаң, құрбым, содан қалам
Кәдімгідей тыңайып.
Сол сәттерде өз-өзімнен
Көріп дара бір айып,
Жете алмай-ақ өз-өзіме
Қалам бір сәт мұңайып.
Жүрегімнен қоңырлатып
Сазды әуен ән салам,
Содан кейін нансаң, құрбым,
Кетем өзім тыңайып.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі