Өмір деген не, досым?

Бұл бетте «Өмір деген не, досым?» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өмір деген не, досым?
Ақпандағы боран ба
Ораған ақ орамға?
Мамырдағы – гүлдер ме
Қызға сыйлап барарға?
Өмір деген не, досым?
Ет-жүрегім балам ба?
Салт-дәстүр ме қазақы
Сіңіп қалған санамда?
Өмір деген не, досым?
Ақ мейірімді Анам ба?
Ақ бесікті тербетіп,
О, жарық күн, айлы аспан,
Аман бол дер әмәнда.
Өмір деген не, досым?
Құба шөлде аңсайтын
Жалғыз жұтым су ма екен.
Рухын ердің көтерер
Қолға ұстар ту ма екен?
Өмір деген не, досым?
Ақ некелі жарың ба
Қардай аппақ арың ба?
Бәлкім өзің сезбейтін
Әлде қарау пасық па?
Қанын судай шашып та,
Бала елікті көздейтін.
Өмір деген не, досым?
Жеткізбес қусаң қол созып,
Алдамшы әлде сағым ба?
Тұлпар ма көкке шапшыған,
Тұрған сайлы бабында.
Жастық па әлде ерен күш,
Балауса балғын шағыңда.
Өмір деген не, досым,
Сенсің әлде олар ма?
Қимастан қалсаң айрылып,
Көңілің сірә толар ма?
Көңілге күлкі қонар ма?
Өмір деген не, досым?
Түлкі ме әлде жон асқан,
Ізбенен алдап адамды
Қиялап қашқан сонарда.
Өмір мынау айлы аспан,
Өмір мынау жарық күн.
Өмір жастар жайнасқан,
Асқақ үні халықтың.
Өмір мынау таза ауа,
Өмір үні ғарыштың.
Өмір ыза, күш-жігер,
Қайрат алып алыстың.
Өмір мына сен мен мен,
Әкең, анаң, достарың,
Өмір мына бар әлем –
Жатқан тігіп қостарын.
Өмір қатал, қатыгез,
Күтпе мейірім өмірден.
Қонбай жатса басқа бақ,
Ол да бәлкім өзіңнен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері