Ана
Бұл бетте «Ана» атты Бақыт Жасқалиева жазған ана туралы өлең берілген.
Бар болмысы
мол мейіріммен таралған,
Ізгілік пен адалдықтан нәр алған.
Ей, адамдар,
Бәріңнің де үйлерің де,
Бәріңнің де үйлерің де өр-асқақ
білсең егер ерен сенің байлығың,
Аналардың ақ сүтінен жаралған!
Мың айналып жүрегінде бар арман,
Жан ләззатын таптым дейтін баламнан,
Ей, адамдар, Ана деген – періштең,
Өлсе-дағы өшпес сенің санаңнан.
Жас-жөніңнің шектемен еш арасын,
Батыр, ғалым әлде ғұлама – данасың.
Ана атты құдіретке бас иер,
Кім болсаң да
сен әйтеуір – Ана үшін баласың.
Анадан сен
ағайынды әлде жалғыз дарасың,
Бол ақылды,
ия әлсіз айырмас жөн арасын.
Бір жүрекпен бәріңді
Ана сүйер қалтқысыз,
Сен ауырсаң
батып оған сыздатады жарасын.
Аппағым деп
қай кезде де Ана сүйер баласын,
Азаматсың өзгеге сен –
ал анаға данасың.
Саған қауіп төнсе кенет
құрбан болып жолыңда,
Жамандықты алшақтатып,
жақындатпас арасын.
Ерен күшке
Ана атты жоқ болса да таласың,
Десең-дағы ана асқар,
ана әділет, панасың.
Қарау көңіл – қатыгездікті
қойса-дағы серік қып,
Көбің әлі
арқалап бір жүрсің бе деп қорқамын,
Жанға айтылмас ананың
мұң мен қосып наласын.
Ана сенің
бар байлығың, бақытың,
Сәнге тағар
алқаң, інжу-жақұтың.
Бірақ соны кеш ұғынып,
аһ ұрып қап жүрміз ғой,
Ей, адамдар,
Сол ананың өмір жойып жіберген соң,
Сол ананың өмір жойып жіберген соң –
Бақыты мен уақытын!!!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі