Ата-ана
Бұл бетте «Ата-ана» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құлап-тұрып,
Бірде жылап, бір күліп,
Тап жанымда қол создырып,
Кейде шыңнан бір үміт.
Көңілімнің аппақ құсын
Аялап мен келемін,
Өмір-тағдыр өзенінде
Қалықтатып жүздіріп.
Арманымның асқарынан
Кейде көріп бір қызық,
Тек бір соның жолынан
Жан-дүниемді қыздырып.
Сендерді ойлап, аулым алыс
Жүрмін өзім ата-ана,
Сағыныштарым әжім болып
Ақ жүзімді сыздырып.
Сендер берген тәлімдерді –
өміріме азық қып,
Қозғау салып көңіліме
арман, тауым, жазықтық.
Қай тарапта
жүрсем де мен шарқ ұрып,
Тек сендер деп
алас ұрады көңілім
Туған жерім, туған ауыл
ата-ананы – қазық қып.
Сағыныштарымды жіберген кез
мұңға бөлеп наз қылып,
Көрші үйдің қызына хат –
маған арнап жаздырып.
Сендерді ойлап,
қанат байлап
ұша жаздап сәл қалғам,
Жете алмаған сәттерімде
Жан жылап,
«Тек сендер» деп –
кінә тауып өз сәбиімді жазғырып.
Өмір менен болып шықты,
болып шықты күштірек,
Іс бітірсем, бұрынғыдан
бітпегені түсті үдеп.
«Қыз – жат жұрттық»
ескілердің деп айтқаны екен шын,
Дегеніме ал бұнысы өз үйіңе бөтенсің.
Айналайын асқар тауым,
күміс күнім – ата-ана,
Мен сендердің бір гүлдерің
шыққан алып жотаңа.
Қайда жүрмейін,
Бар дүниенің жақсылығын
сірә тең көрмей өтермін
«Бақытты бол!» деп берген
жалғыз ауыз батаңа,
«Бақытты бол!» деп берген
жалғыз ауыз батаңа!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі