Тәуелсіздік тірегім
Бұл бетте «Тәуелсіздік тірегім» атты Бақыт Жасқалиева жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Жұртпен бірдей күн өткізіп жүремін,
Жұртпен бірдей ашық-жарқын күлемін.
Ойға кетсем қорқып кетем кей сәтте,
Жоқ болса мен қайтер ем деп – бұл Елім.
Ішер асқа, киер киім, жоқ алаң,
Кітап оқып, кино көрем, ән салам.
Тәуелсіздік – өмірімнің тұғыры,
Бақытына қазағымның болшы аман!
Барғым келсе қай жерде де төр ашық,
Деген сөздің кеткен құны – жол қашық.
Құба белді қас қағымда аттаймын
Бір минутта мен сағымды бел асып.
Жанды жалдап, ар саудалап жатпаймын,
Қуанамын, маған қазір жат қайғың.
Тәуелсіздік сенен алған қызудан,
Антарктида суығына да қатпаймын.
Тәуелсіздік – бәрін берген зор бақыт,
Жер жүзіне жандырғандай мол жақұт.
Ұлы істердің дүбіріне ілесе алмай кей сәтте,
Арнасынан адасардай жөн сұрады кейде уақыт.
Бәрі осының бізге берген зор байлық,
Жердің астын кернеткенде кен-май ғып.
Жер серігін ұшыртқанда өзіңсің,
Бір аттатып күндік жерді кейде айлық.
Бәрі осының бізге келген бақ-дәулет,
Қырға орнатқан асқақ қола, сән-сәулет.
Байда жалшы болған бір кез ердің қазір ұлдары
Бірі ғалым, бірі батыр – әлді әулет.
Бақ-дәулетті ата-бабам – мал деген,
Малдан қазір көрінбейді бар белең.
Мимырт тірлік көншітпейді көңілді,
Жәй жүрісім аяқ емес – сар желем.
Бақытты екен деп өтіпті – нан жеген
Күндерінде ата-бабам тар белең.
Көптігінен қара нанның жүр айтып,
Майға бөгіп кетіпті деп бар денем.
Ескіліктің тас-талқан ғып сілемін,
Тәуелсіздік, сенен нәр ап түледім.
Қысқа түнде он оянам ұйқымнан,
Жоқ болса мен қайтер ем деп – бұл елім.
Оқы, жөн тап – білім болса тілегің,
Болсын құштар жақсылыққа жүрегің.
Қай істе де саған қамқор әкеңдей
Ұлы Отан мен Тәуелсіздік – тірегің!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі