Ей, адамдар
Бұл бетте «Ей, адамдар» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, өмір, бақ-дәулет деп сенен енші сұранам,
Қызық көрмей кетіппін деп естімессің үнімді
Бой-бой болып жылаған.
Тәрк қылып дүниенің бар жақсылығын тілеймін,
Өлмейтұғын жүрсе деп тек өзіменен жыр аман.
Ей, адамдар,
мен сендерден сұраймын жалғыз қарыз ғып,
Тек жаныма шабыт берер, от таста деп, дара үздік.
Ұлылығың қалыс қалса, мен жырыммен паш етемін,
Жүрегіңнің мұң, тілегін айтайын да арыз ғып.
Ей, адамдар, мен сендерге жалғыз ғана айтарым,
Жырға қуат болатындай бар де менде байтақ үн.
Шабытыма шабыт қосшы құлашымды кең жаяр,
Ізгілікті айт, мейірімді айт, ездің айтпа айтағын!
Ей, адамдар, тек сендерден жалғыз ғана өтінем,
Бір-біріңді қорғап жүргін ызғырықты жел өтінен.
Қол ұстасып, күліп-ойнап, бір жүрсеңдер фәниде,
Мен нәр алып, қайрат жинап,
тек сендерден жетілем!
Ей, адамдар, болыңдаршы бір-біріңнің тірегің,
Бір-ақ жолда, бір мақсатта тоғыссыншы тілегің.
Жайып салдым жүректегі сырымды,
Біле білсең сендер жайлы мен өзім
Сендер жайлы жазылмаған – жыр едім!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі