Өмірге тілек
Бұл бетте «Өмірге тілек» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, өмірім, менің күйкі тірлігімнен сыр түйіп,
Берші маған, қарамашы бұртиып.
Жұрт баспаған өзіме тән соқпақ бер,
Жатсын содан жүрегімде жыр ұйып.
Содан кейін бер маған тазалығын бұлақтың,
Жарық сыйлар жүрекке жарығын бер шырақтың.
Оны маған көп көрсең болайыншы өзен, көл,
Ол көп десең, көл сәні ажарын бер қияқтың.
Бер өмірін бойлай өскен шынардың,
Шынар-кеудем көкке өрлеп кетсін менен мұнар мұң.
Жаным-жайлау, жағама әлем ел сиып,
Ізгілікпен шөлін бассам бұлардың.
Шабыттансам мен дарханмын,
Өзім ақпан – боранмын!
Жаяу кезіп, айды, аспанды қазір ғана оралдым.
Жан-дүнием аязда атып қызғалдақ,
Ақ сезіммен жаңа жауған ақ ұлпаға орандым.
Міне, содан мен арынды ағыспен,
Қанат байлап арманыммен көк жүзінде табыстым.
Мен әйтеуір біреу деме қуыс кеуде, бор кемік,
Тұяғы бүтін тұлпардаймын үстінде өсер жарыстың.
Иә, иә, мен сондаймын жан-дүнием жарып көк,
Бар маңымды нұрға бөлер, жүрегімде жарық көп!
Пенделікпен «болып-толып» жыр буына мастансам,
О, өмірім, Ар алдында айтарым,
Сол заматта жетеле де,
Қолдан ұстап – о дүниеңе алып кет!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі