Кей жігіттерге
Бұл бетте «Кей жігіттерге» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл өмірге көп-ақ дерсің қосқаным,
Болсын ашық деп тіледім аспаның.
Нандым дейін – қосылғанда қол берер
Жалғыз ғана сұрайтыным, ер жігіт,
Айтшы бар ма жан қиысар достарың?!
Бұл өмірде көп-ақ дерсің – жеткенім,
Оған аян топтан озып кеткенің.
Нандым дейін – жақсылығың серт қылып,
Мұра етіп қалдырардай соңыңда
Бар ма сенің – еккенің?!
Бұл өмірде таудай дерсің талабым,
Сан сұраққа дерсің әзір – жауабым.
Ер жігітім, ар алдында айт қане,
Жүректерге қаяу салып қолға алып,
Тәкаппарлық атып па едің садағын?!
Сөз бен істің алшағы мол заманның
Өз шыңыңа шығалмасаң саған – мін.
Ей, жігіттер, айып етпей құлақ сал,
Сен тындырар сан істердің жауабын
Айтпай-ақ қой маған қара тер болып,
Ұғып қоям келерінен шамаңның.
Ақыл – жөнің, жігер – күшің – барыңның,
Жеткен шегін ұятың мен арыңның.
Ей, жігіттер, біліп қоям айтпай-ақ,
Қабағынан таңдап алған жарыңның.
Арам атқа ілессең кет, тұрмағын,
Тастөбеңнен біл Құдайдың ұрғанын.
Ішкі ойыңның жалынымен жалт еткен,
Жанарыңнан біліп қоям, жігіттер,
Күліп тұрып дос адамсып, ақылшы
Қапылыста сүріндіргің кеп,
Қапылыста сүріндіргің кеп тұрғанын!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі