Болар ем

Бұл бетте «Болар ем» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ауырсаң кенет дертіңе дауа болар ем,
Іздеусіз қалсаң соңыңнан іздеп барар ем.
Қыран болғаныңды есіңе бір сәт салар ем,
Шүйіліп көктен иығыңа келіп қонар ем.
Бой сергітсең жайлы самал болар ем,
Тек біреумен дос болсам
Саған ғана жолар ем.
Аязды ақпан, түтеп боран қыс болсам,
Жаңа жауған сен аппақ
Қансонарым болар ең.
Мен құс болсам, сен деп қанат қағар ем,
Мен от болсам, шырақ болып жанар ем.
Бибігүлдің таза күміс даусы боп,
Мен ән салсам, тек өзің деп салар ем.
Бала жүрек жарлы жанға болар ем,
Бақ-дәулетім тек сендер деп санар ем.
Бұл күндерім сендерменен толмаса,
Толтырудың іздеп жолын табар ем.
Жаным десең, саған ғана ұнар ем.
Бағым десең, арың болар мына мен.
Бір сен үшін бәрі, бәрі болар ем,
Саған мекен болсыншы деп бұл әлем,
Маған мекен болсыншы деп бұл әлем,
Күндіз-түні бір Құдайдан сұрар ем!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері