Менің көңілім
Бұл бетте «Менің көңілім» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күннің нұрын азайтсаң,
Гүл үшін бұл қасірет.
Ақылсыз бейпіл сөз айтсаң,
Ортаны жақсы бүлдіред(і).
Ашық, жарқын таза көңілсіз,
Айтпай-ақ қой – тілегім.
Жан жаралар жақсы сөзіңсіз,
Қиналар менің жүрегім.
Үйдей ашу ызғырып жел,
Ызғарынан бүрісем.
Жұрт айтса, тек өзің біл дер,
Дау айтпаспын – дұрыс ем.
Гүл самал боп тербетілем,
Сенің жайлы үніңмен.
Жала өсекке не етіп ем,
Жас қой аққан – түнімен.
Жылы жаңбыр таңсәріде,
Гүл үшін бір – сән төбе.
Таза күлкім бол дәнекер,
Мен үшін ол – мәртебе.
Панам болшы саялайтын,
Өмір желі – досым ең.
Менің көңілім – гүл сияқты,
Түсін, Ая – ӨТІНЕМ!!!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі