Шырылдаған шындықтың

Бұл бетте «Шырылдаған шындықтың» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шырылдаған шындықтың –
Соқыр тиын бағасы.
Ұйытқысы сұмдықтың –
Алтын тонның жағасы.
Ұйып қаным қойылған,
Сарыуайым – жегенім.
Оңай тоқты союдан –
Кісі өлтіру дегенің!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері