Құндыз

Бұл бетте «Құндыз» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Босқа жатып семіріп,
Отырмайды ерініп,
Биік-биік ағашты
Құлатады кеміріп.
Қиындыққа шыдайды,
Бөгет жасау – ұнайды.
Үйшік жасап шыбықтан,
Оны да өзі сылайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері