Сұрақ – жауап

Бұл бетте «Сұрақ – жауап» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шөпті кім шабады?
Атам.
Сиырды кім сауады?
Апам.
Қойды кім бағады?
Шопан.
Жемісті кім егеді?
Бағбан.
Тұқымды кім себеді?
Диқан.
Бұйымды кім жасайды?
Зергер.
Ағашты кім қашайды?
Шебер.
Жерді кім қазады?
Жұмысшы.
Үйді кім салады?
Құрылысшы.
Көлікті кім айдайды?
Тізгінші.
Киімді кім тігеді?
Тігінші.
Білімді кім береді?
Ұстаз.
Жемісін кім тереді?
Шәкірт.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері