Қанатты құрылыс
Бұл бетте «Қанатты құрылыс» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалықтаған таңертеңнен
Қарап тұрсаң кранға,
Ұясына жем əкелген
Ұқсайды екен қыранға.
Бұлтқа аралас зəулім биік
Бұлдыраған қияда,
О да осылай қанат шүйіп
Сорғалайтын ұяға...
Көрем ылғи қала сайын
Қаулай ұшқан кранды.
Сүйсінемін соған дəйім,
Адамдай-ақ сыралғы.
Ол шарықтап қақса қанат,
Өседі үйлер қаз-қатар.
Қарсы алдыңа қабат-қабат
Орнайды бір ақ жақпар.
Жарыстыра үй өркешін
Өрге тартқан сол əне!
Қуандыра, қала еңсесін
Көтереді жоғары.
Шарықтата соны тынбай,
Адам ойы қозғаған.
Замананың қанатындай
Елестейді ол маған!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі