Балжан әжең пәтері

Бұл бетте «Балжан әжең пәтері» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Биіктегі ұядай
Балжан əжең пəтері.
Терезеден күн мен ай
Ұзақ қарап өтеді.
Үйге аямай беріпті
Сонша шуақ, сəулені.
Көңілді де көрікті
Əжеңнің бұл дəурені!
Өзгені де солай деп
Ойлайды əжең өзіндей.
Оған сонау көп əйнек
Қуаныштың көзіндей.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері