Мақтымқұлы мекені

Бұл бетте «Мақтымқұлы мекені» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Талай таудан көрнекті
Түрікменнің Соң-дағы.
(Соң-дағы шет тау)
Көңілімді тербетті
Көргендерім сондағы.
Қолдан қырлап үйгендей
Қилы жолақ төбелер.
Өтпес едің бір көрмей,
Жуық келсең сен егер.
Кемпірқосақ құрғандай
Құбылады со жерлер.
Бояуында тұрғандай
Пенде білмес көп енер...
Сол сəулеті төбенің
Сақталыпты ғасырға.
Мақтымқұлы өлеңін
Жазды ма екен осында?
Белент-дағының басынан
(Белент-дағы – биік тау)
Көрді ме екен ол оны?
Соның нұрлы тасынан
Терді ме екен өлеңін?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері