Түз

Бұл бетте «Түз» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1998
Алдымызда жатты аунап,
Соғыстың қан теңізі.
Арқамызда ақ таңдақ
Сор боп қатты тер ізі.
Тамшысындай жауынның
Терді иектен сүртеміз.
Көбігіндей сабынның
Жолақ-жолақ күртеміз.
Қара тер боп аттадық
Қанды майдан тау-құзын.
Біз осылай ақтадық
Туған елдің дәм-тұзын.
***
Көп жылдан соң Волховпен
Кездестірді бұл тағдыр.
Кетсем керек толқып мен
Тамды көзден бір жаңбыр.
Сүймеген бір еріннің
От лебі ме, кім білсін!..
Күйреген бір өмірдің
Көктемі ме, кім білсін.
Кешір, Волхов сырласым,
Менде жүрек, бауыр бар.
Сағыныштың бір жасын
Сәлемімдей қабыл ал.
Өттік нелер қиыннан,
Қалды ауыр сын алыс.
Жаңбыр болып құйылған
Қайғы емес қуаныш.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түз өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Түз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері