Тоқылдақ

Бұл бетте «Тоқылдақ» атты Бақыт Бұқарбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әй, тоқылдақ, тоқылдақ,
Көбейесің, өсесің.
Ағаш діңін тесесің.
Сырқаттанған шыршаның,
Емдеп – жаздың нешесін?
Әй, тоқылдақ, тоқылдақ,
Бұтақ түбін оясың,
Сонда ұяңды қоясың.
Тамағыңды тауып жеп,
Ағаш құртын жоясың.
Әй, тоқылдақ, тоқылдақ,
Көзді тартқан көркемім.
Баста — қызыл телпегің,
Пайдаң тиіп орманға,
Өсе берсін өркенің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері