Өтірік өлең
Бұл бетте «Өтірік өлең» атты Бақыт Бұқарбек жазған поэзия туралы өлең берілген.
Аяғымды оң салып,
Есігін аштым күйменің.
Кішірейгенім соншалық –
Көзінен өттім түйменің.
Микроскоппен, ал, енді,
Көретұғын күйдемін.
Таң қалдырып әлемді,
Құрышқа сүңгі түйредім.
Ұстараның жүзінде
«Қара жорға» биледім.
Шөл басып жалғыз жүзімге,
Қаратауды сүйредім.
Алтын шапан – кигенім,
Басып оздым байларды.
Көңіліме түйгенім,
Мың кітапқа айналды.
Куә болды шартарап,
Бүйінің жедім бүйрегін.
Аспанға мені арқалап,
Алып ұшты үйрегім.
Тоғыз дию бас салды,
Жөнбе менің күйреуім!
Алапат айқас басталды,
Қырып салдым ширегін.
Қуат берді қобызым,
Төгіп тылсым күйлерін.
Тоз-тоз қылып тоғызын,
Саз-балшықтай иледім.
Ақырды да бақырды,
Басымды бір имедім.
Мініп алдым ақырғы,
Сақал-мұрты сирегін.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі