Қарлығаш
Бұл бетте «Қарлығаш» атты Бақыт Бұқарбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айыр құйрық, ақ көңіл, адал құсым,
Жеттің бе туған жерге, аманбысың?!
Біз жолықтық салдық та араға қыс,
Айналайын, қарлығаш – қара ала құс!
Жем іздеп, дала кездің, қия шалдың,
Босағаға берік қып ұя салдың,
Өзіңе құмар бала, құштар мекен.
Самғаудан саған жетер құс бар ма екен?!
Ұшып ең едел-жедел, жер бауырлап,
Қара бұлт көкжиекке келді ауырлап.
Қонбай-ақ, су ұрттайсың көл бетінен,
Кербездік көрем дене-келбетіңнен.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі