Туған жер
Бұл бетте «Туған жер» атты Бақыт Бұқарбек жазған туған жер туралы өлең берілген.
Туған жер, ардақтаймын атыңды асыл,
Жаныма әрбір түйір жақын тасың.
Қос балағы дамылсыз далақтаған
Мен едім кешегі тақыр басың.
Шарпып өтті сезімді ыстығымен
Көзді арбап, байтақ дала - түсті кілем.
Саралақаз секілді сағынышым
Еркімді алып, өзіңе ұшты, білем.
Төріңдегі тәкаппар шың-қияның
Қолат-қойнын қыдырып жүр қиялым.
Топырақ, су, ауаң мен аспаныңнан
Көкірегіме ақ шуақ-нұр құямын.
Туған жер, құдіретті құшағыңда
Кесілді кіндігім де, тұсауым да.
Ықыласым ауды да, болдым ынтық
Өмір, өлең, өзіңдей ұш аруға.
Бойдағы қанды ойнатып, жан жайнатып,
Қанатына мінгізіп, самғайды уақыт.
Ата-бабам атой сап өткен мекен,
Өзіңде аунау-қунау қандай бақыт!
Атыңды ең сүйікті өлең қылып,
Кермиық кең төсіңде келем күліп.
Туыңды тік көтерер ұланыңмын,
Жеңістің шоқ жұлдызын берем жұлып.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі