Ана

Бұл бетте «Ана» атты Бақыт Бұқарбек жазған ана туралы өлең берілген.

Болғаныңмен момақан, қарапайым.
Бәрінен ардақтысың, Анатайым!
Ақ сүтің аңқылдаған ақын етті,
Маржан жырдан маңыма таратайын.
Құрсағыңда жаралған атан-намыс,
Тартты мені саумалап сапарға алыс.
О, Ана, опындырмай, оңға басты
Алдыңа кеп, өзіңнен бата алған іс.
Қойылып дастарханға қаймақ, балың,
Айтасың ақылыңнан жайлап бәрін.
Өзіңе қарап қана болжаймын мен -
Қайда барам, қай жерде, қай жақтамын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері