Көздеріңнің қарашығын талдырып

Бұл бетте «Көздеріңнің қарашығын талдырып» атты Бақыт Бұқарбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қиялыңды сан саққа сен желдіріп,
"Қарғам" менің қашан жетіп келер деп,
Отырмысың терезеден телміріп,
Қара жолда шаң көрінсе, елеңдеп.
Тұлымымды сипай тарап жел ескек,
Кең далада жүретұғын салып ұрып,
Өтті ме екен балғын шағым елестеп,
Көздеріңнің қарашығын талдырып.
Нұрын шашып, құшақ жая таң да атып,
Баттың ба ана, тұңғиық көл - сезімге.
Тастар ма едім сағынышыңды тарқатып,
Әттең, шіркін, осындай кезіңде!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері