Бір ақының болмасам

Бұл бетте «Бір ақының болмасам» атты Бақыт Бұқарбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Байынқолым, өзіңнен
Байтақ Отан басталар,
Жаным сезер жылылық,
Жағаңдағы тастан әр.
Сапарлардан оралсам,
Қалғандай-ақ сағынып,
Мейірімді самалың
Саусағымен шаш тарар.
Атамекен ардақты,
Жігіт - мәрт, қыз - алтын,
Әсем ән ғып атыңды
Жүрейікші біз әр күн!
Қиялымды қайрасын,
Қияндарға шақырып,
Мұрат берген мұқалмас
Мұз балақты Мұзартың.
Қарсы ап құба таңыңды.
Түніңмен де қолдасам,
Арман-шыңға аттанып,
Алуан асу, жонды асам.
Алабұртқан жүректің
Аптығы, сірә, басылмас,
Ақтарылған ағынан
Бір ақынның болмасам.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері