Хантәңірі
Бұл бетте «Хантәңірі» атты Бақыт Бұқарбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәні болған даламның,
Әні болған бабамның,
О, Хантәңірі-ай!
Сәукеле - шың, сәулелім,
Бірге өзіңмен дәуренім,
О, Хантәңірі-ай!
Ақша бұлттан әрі асқан,
Зеңгір көкпен таласқан,
О, Хантәңірі-ай!
Асқақ арман өзіңсің,
Аппақ ару сезімсің,
О, Хантәңірі-ай!
Таңды бұрын қарсы алған,
Бар әлемге жар салған,
О, Хантәңірі-ай!
Мұзартыңа қонайын,
Мұзбалағың болайын,
О, Хантәңірі-ай!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі