Сәт сапар
Бұл бетте «Сәт сапар» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Октябрь туы», ал қабыл,
Арнадым сəлем құттықтап.
Сапарың қызық алдағы,
Сайланып соған шық мықтап.
Октябрь туы деген ат
Ұқсайды үлкен үмітке.
Қашанда жұртқа ол қымбат,
Қашанда жылы жүрекке.
Танитын жандар сөз нарқын
Саған да солай қарасын.
Əмісе шығып жақсы атың,
Аймаққа солай тарасын.
Оқушы жұрттың ашылып
Сөйлесер күнде сырысың.
Оқыса сені асығып,
Сөзіңе жаны жылынсын.
Тілегін көптің таба алсаң,
Туысың сен де көтерген.
Тұрғыңда сол бір бола алсаң,
Таусылмас жүлдең əперген.
Өңірге түгел ел жүрген
Ұласар əрі жолдарың.
Алакөл, Балқаш шені мен
Аралар бауырын Жоңғардың.
Басталды бірақ жаңа олар,
Алдыңда əлі белес көп.
Солардан туға бара-бар
Тұрғайсың көзге елестеп.
Сан үміт тілек еткенмен,
Сыйғызып айтар бəрін кім?
Сөзіңе біраз от берген
Сыйы де мұны кəріңнің!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі