Батырлық бесігі
Бұл бетте «Батырлық бесігі» атты Ғали Орманов жазған ерлік туралы өлең берілген.
Асқарлар шоғыр-шоғыр, түйдек-түйдек...
Тауларды бұл сықылды көргем сирек.
Бейнесі бір халықтың бітіміндей
Кетпейді көкейімнен кейбір сурет.
Қанаттас Қызарт, Бура, Қайқы, Торғат.
Көшпе бұлт көлбей соған жатыр орнап.
Қырғызға ақ қалпақты ұқсайды тым
Самсыған сабын түзей асу қорғап.
Берер ме дəл суретін тартсаң бояу:
Тірескен таулар иық көкке таяу,
Шаншыла найзалары, тұр қақшиып,
Қағылез, қалғымайтын, қашан да ояу!..
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі