Алдымнан сырғып ашылған
Бұл бетте «Алдымнан сырғып ашылған» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алдымнан сырғып ашылған
Алқабын көрдім Қошқардың;
Бастарын бұлтқа жасырған
Суреті сұлу асқардың.
Долан да жатыр мұнартқан
Астына тақау аспанның.
Асыра содан жол тартқан
Аңғардым қырғыз жастарын.
Жайынан тосын өңірдің
Жаңа бір өлең бастармын.
Қосармын жырға өмірін
Қадірлі қырғыз достардың.
Қайыпты шебер қиынды,
Қажымай қашап тастарын.
Жалғаған жұртты қиырды
Жадымнан неге тастармын!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі