Ерте тұрып, кеш жатамын – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ерте тұрып, кеш жатамын» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3105
Қазақтардын мақалы бар ертеден,
Ырзығы мол кім оянса ертемен,
Кім кеш жатса үлкен істі тындырар,
Туар содан шабытты бір ерке өлең,
Соны ескеріп ертеменен тұрамын,
Балбұлақпен беті-қолды жуамын,
Жұтам таңғы самалдың жас жұпарын,
Күнмен бірге тау басына шығамын.
Түн ортасын жатам ылғи аудырып,
Өлең бұлтын жаңбыр етіп жаудырып,
Гүл сусынын сол жаңбырмен қандырып,
Жапырақтарды жанарыммен жан көріп,
Түн ортасын жатам ылғи аудырып.
Өз елімнің күнде ескеріп мақалын,
Ерте тұрып, толғанып кеш жатамын.
Айды ұйықтамай тау қойнына ұзатып,
Күннің таңда құттықтаймын сапарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері