Күйін кешпе азғынның
Бұл бетте «Күйін кешпе азғынның» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
М. Н.-ке
Күйін кешпе азғынның,
Бек қызындың, сәл мұзда?!
Жыладың деп жазғырдың,
Жазатайым Жалғызға.
Қайғы-мұңын саз құштым,
Қалай іштей тынайын?!
Мәңгі Жұмбақ – Жазмыштың
Жымқырамын Күн, Айын.
Пендеге тән – хәл, шамам,
Арты қуыс ұрымын.
Тәңір шендес бар санам,
Доңыздікі – ғұмырым.
Құр асаудай күйредім,
Қылғынып қыл арқанға.
Бүтін шығар бүйрегің,
Қиянат – қыр арқаңда.
Келеке етіп күлмеңіз,
Сорып тірлік қан-сөлін –
Бүлде – сәттік үлдеңіз,
Сіз де – Біздей – әншейін.
Өмір, Өлім арасын
Жалғайтұғын делдалмыз.
Қисыны жоқ жарасым –
Құдай – Жалғыз,
Мен – Жалғыз...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі