Туа салдым да... шыңғырып

Бұл бетте «Туа салдым да... шыңғырып» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Туа салдым да... шыңғырып
Тіл қаттым Дүние-Мұнарға –
Тылсымды түпсіз Тұңғиық
Тасырдың датын тыңдар ма?!
Қол-Аяғымды балап Қанатқа,
Ене-Топырағымнан безініп,
Енгенсіп Мәңгі санатқа,
Тәңір Тұғырлы сезініп,
Қиял желігін басқансып,
Шолғансып ойдың көзімнен,
Ай, Жұлдыздардан астамсып,
Теңестім Күннің өзімен.
Тұлдандым Құдіреттектеніп,
Берместей тыным Жер-Көкке –
Түгесілместей шектеліп,
Оранбастай Ақырет-Жөргекке...
Кеш ұғып бәрін –
Мұңайдым,
Тағдырым,
Сенен жерідім:
Санасын беріп –
Құдайдың,
Теліпсің –
Иттің Өлімін!...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері