Алматы
Бұл бетте «Алматы» атты Дәркен Танабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алматы қазақтың жүрегі,
Алматы ардақты астанам.
Алатау Алматы тәжіндей,
Шыршамен көмкеріп тастаған.
Алматы махаббат сарайы,
Алматы ордасы жастардың.
Секілді алмас күн арайы,
Көңілі керемет достардың.
Алматы ғашықтың көзіндей,
Жанымды нұр сәуле құшады.
Алғашқы нәп-нәзік сезімдей,
Алматы арудың құшағы.
Алматы ордасы өнердің,
Алматы білімнің бағындай.
Шыңдады ұстаз бен шебер күн,
Жұлдыздай жанғанбыз жалындай.
Алматы анамдай қарсы алдың,
Мекенім бақ қонған киелі.
Әлемге келеді жар салғым,
Алматы мен сені сүйемін!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі