Досқа сын
Бұл бетте «Досқа сын» атты Оразбай Сарыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жиылған жұрттың ішінде
Адал досым көп дерсің.
Бас қосып қана жиында,
Қиын күні қасыңнан
Табылмаса, дос несін?
Дәулетің тасқан шағында
Көбейер дос та жақында.
Бақ тайғанда басыңнан,
Беттері теріс бұрылар,
Жат болып қимас досың да.
Кісінің білмей шамасын,
Танымай тұрып бағасын.
Сыртына қарап сенбегін,
Сездірмес ешкім айласын.
Алыс жүр пейілі қарадан,
Көздейтін тек өз пайдасын.
Дүниеде бар талай жан,
Жақсысы да, жаманы.
Көңіл бұрма жаманға,
Серік қыл әркез адалды.
Жақсылар болсын жолдасың,
Көтерер елде бағаңды.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі