Іргесінде отырып ап күркенің,
Жеңешеме жыр оқимын бір керім.
Жер ошақтан иісі келіп күлшенің,
Болашаққа бастаушы еді бір сенім.
Сүмбіледе сеп болмады күркеміз,
Қоламтаның қызуы аз білсеңіз.
Күркеге енді түнемейді Күлше қыз,
Қимастықпен еске ала жүрсеңіз.
Жерошақта шоқтың табы жатыр ма,
Күлше қыздың мекені енді шатырма?
Алтын шатыр сол күркеге татыр ма,
Күлше табы, ет-жүректен басылма!..
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі