Сахнаның серкесі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сахнаның серкесі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2049
Жетпіс деген жеті белес қыр аттап,
Көңілдерде жақсы өлеңдей тұрақтап,
Ортамызда отыр бүгін Серағаң
Алатаудың секілді бір шыңы аппақ.
Сахнаға шықса ол мөлдір арындай,
Жұрт көздері қадалады жалындай,
Шашылады күлкі жазғы жауындай,
Дүрілдейді алақандар дауылдай.
Балаша ойнап, данаша ойлап міндетін,
Күнде ашады, сахнаның тың бетін.
Келеді ол шашып-төкпей арқалап,
Туған елдің махаббатын, құрметін.
Мінезінде қарапайым кішілік,
Бір өзінде жайма-шуақ кісілік.
Кең кеудесі кардиограмма секілді
Мың жүректі күнде алатын түсір
Туған елдің өнерінің өркеші,
Туған жердің өнерінің өлкесі,
Көп жасай бер,сахараның еркесі,
Көп жасай бер, сахнаның Серкесі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері