Бүркітті – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бүркітті» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2089
Көкшетаудың қасында
Биік емес бұл тіпті,
Бұлты да жоқ басында,
Бірақ аты Бүркітті.
Одан сонша кім күткен
Сыр бар деп бір ғаламат,
Ұя салған бүркіттер
Бүркіттіні қалап ап.
Боранды да қарсы алып.
Желде бойы жеңілдеп,
Балапандар ән салып,
Су ішеді, жемін жеп.
Көрші таудан бұлт ауып,
Кетсе кенет күн жауып,
Сілкінеді бұрқанып
Қапаттарын бір қағып.
Жаңғырығын кетеді
Сол мезетте Бүркітті.
Бүркіттердің мекені
Қасиетті бұл құтты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүркітті өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бүркітті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүркітті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүркітті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері