Өмір қызық, пенделерді алдайды

Бұл бетте «Өмір қызық, пенделерді алдайды» атты Тұрсынай Астарханова жазған өмір туралы өлең берілген.

Өмір қызық, пенделерді алдайды.
Бірі денсаулық, бірі махаббат сұрайды.
Салыстырып көз салсаң бұл дүниеде,
Мейірім бар, еш жерде сатылмайды.

Өз-өзімді жиі алдап жұбатамын,
Сезімімді дәлелдеп, дым таппадым.
Өзіңнен басқа жанды көрмеген соң,
Айтшы, жаным, кімге барып сыр ашайын?

Уақыт өтсін мейлі, тіпті сан ғасырлар,
Саған деген сезімім сол қалпында.
Ал мен жоқпын сол баяғы жадыңда,
Тағы жаздым сен туралы параққа.

Ғашық болғым келмейді енді ешқашан,
Махаббатың азабы көп сағым болған.
Сүйгенім өзгенің құшағында,
Оны көрген мына менде айып бар ма...?

Қаламадым өзгеге кеткеніңді,
Сезіміңді айта алмадың, көкке кетіп.
Менсінбедің бала күнгі сезімің деп,
Көндім, жаным, оған да себебі көп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері