Кек пен Сезім

Бұл бетте «Кек пен Сезім» атты Тұрсынай Астарханова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бақытым деп сені үнемі іздеп ем,
Жараладың жүрегімді неліктен?
Басқаның құшағына ене кетіп,
Тұншықтырдың сезіміңді кектенгеннен.

Адастық уақыттың қадіріне жете алмай,
Сана арқылы ақылдастық ашуменен.
«Сүйем» деген дауысың жаңғырады,
Таба алмадым мекен еткен жерлеріңнен.

«Ғашықпын» деп жарияға жар салып ең,
Аяқ асты жоқ болдың «кет» деуменен.
Айтшы, жаным, менен қандай ақау таптың?
Қашқақтадың танымайтын кейіппенен.

Мейлі, бұл да өз таңдауың, өз еркің,
«Тастамаймын» деп үнемі серт еттің де.
Үміт етіп, уәде бердің, ғайып болдың,
Сезесің бе, сен туралы түс көрем.

Солай, жаным, ұмыт мені, сағынба,
Мен жыладым, өкпеледім талай жанға.
Ренжідім, өштім мына өмірден,
Бақытты бол таңдаған адамыңмен.

Мен қалармын жалғыздықпен күресіп,
Күлкіме себепші жан кездесер.
Жыламаймын сол кезде жалғызсырап,
Жолықтырған Жаратқанға разы болып,
Қол ұстасып өтермін бұл фәниден.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері